Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Семейде  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
kyn.kz
Семейде Әділет министрлігі және Абай облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған Әділет министрі, Конституциялық Соттың судьясы, Абай облысының әкімі, Қазақстандық және шетелдік заңгер-ғалымдар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылды.

Конференцияда қаралған негізгі мәселе – конституциялық құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру. Сот төрелігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге және заманауи технологияларды енгізуге көңіл бөлінді. ҚР Әділет министрлігі қазіргі заманның талаптарына сәйкес цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуді жалғастыруда, бұл заң қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

"Мысалы,Заң көмегі мобильді қосымшасымен ЖИ негізіндегі құқықтық кеңесші жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. «Цифрлы нотариат» жобасы арқылы нотариалдық іс-әрекеттерді қашықтан жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Робот сот орындаушы пилоттық жобасы атқарушылық іс жүргізу процессін автоматтандырып, оның ашықтығы мене тиімділігін арттырудамыз. Сонымен қатар,әлеуметтік сипатқа ие атқарушылық іс жүргізу саласында тараптар кабинеті мен цифрлық ассистент еңгізілді",- ҚР әділет министрі Ерлан Сәрсембаева.

Конференция мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалог үшін ашық алаңға айналды. Абай облысының әкімі Берік Уәли соңғы жылдары елімізде болған саяси реформалар мен институционалдық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.

"Шын мінінде Президентіміздің саяси ерік жігердің арқасында 2022 ж. Конституциялық реформаның нәтижесінде жан жақты демократиялық жол үдерісі елімізде басталды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Сол саяси жүйені жаңғыртуға үлкен қадам жасалды, жағдай жасалған болатын. Жалпы құқық қорғау институттарының және адам құқықтары жөніндегі уәкілінің мәртебесі көтеріліп, Конституциялық сот құрылды",-Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі адамның конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі нығайту жолдары болды. 2022 жылы Қазақстанда конституциялық сот қайта құрылды. Екі жарым жыл ішінде азаматтардың бұл органға шағымдары айтарлықтай өскен.

"Осы уақыт ішінде біз азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш алдық. Олар заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы сұрақтар қояды. Конституциялық сот осы уақытқа дейін 73 нормативтік қаулы қабылдады, Заңның 20 жекелеген нормасы Конституцияға сәйкес емес деп танылды. Ал кейбір жағдайларда сот заңдардың коституцияға лайықты тұстары туралы түсінік берді",-дейді  ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов.

Бұл іс-шара заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайту жөніндегі диалог үшін маңызды алаңға айналды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар