Басты жаңалықтар
Үндістанда ер адам өмір бойы өсірген тырнағын бір күнде алып тастады
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2018
- 600
оның ең ұзын тырнағы екі метрге жақын болған
Бұл туралы Гиннесстің рекордтар кітабы жазады.
Әлемдегі ең ұзын тырнақты ер азамат тырнақтарын 66 жылдан кейін алып тастады.
Үндістанның Пуна қаласының тұрғыны Шридxар Чиллал сол қолының тырнақтарын бала кезінен өсірген. Кезінде ол мұғалімінің тырнақтарын сындырғанда, одан сен тырнақ өсірудің қандай қиын екенін өзің өсіргенде ғана түсенесін деген сөгіс естіген.
Үндістандық азаматтың тырнағын соңғы рет өлшегенде барлығының ұзындығы 9 метр болған. Чиллаланың ең қысқа тырнағының ұзындығы - 1,64 метр, ал ең ұзыны - 1,97 метр. Ол Гиннесс рекордтар кітабына 2015 жылы енді.
Келесі мақала