Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
ашық дереккөз
Марқұмның құрбысы журналистерге берген сұқбатында Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы белгілі ақын, жазушы, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері Олжас Сүлейменовті қабылдады. Кездесу барысында қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен оның қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ, ақын шығармашылығындағы алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қазасына орай көңіл айтты. Еске сала кетсек, Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел — Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. 25 маусым күні жазушының немересін Алматыда ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның құрбысы журналистерге берген сұқбатында Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар