Мәдениет
«Ақымыз болса, кешіңіз»: Заттыбек Көпбосынұлының әкесі дүниеден озды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:20
- 38

Заттыбек Көпбосынұлы әкесіне арнап жазба арнады.
Әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі қайтыс болы деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші қаралы хабар туралы Instagram парақшасында жазды.
«Қош бол, ӘКЕ!
Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63-тен асты де,
Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де.
Шүкір де,
Біз өсірген ұл-қыздар
Бәрі бүгін өсті де..
Ақымыз болса, кешіңіз, ӘКЕШІМ!», - деп жазды өнер иесі.
Әншінің әріптестері мен оқырмандары қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.