Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән пайда болуы мүмкін

1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән пайда болуы мүмкін
Сурет: rbc.ua
Балаларға жол ережесіне бағытталған пән оқыту ұсынылды.

ОҚК брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ІІМ жол қозғалысы ережелерін оқытуды мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сұлтанбаев мұндай сабақтар арқылы балалар жолдағы заңға бағыну мәдениетін үйренеді. Бұл кейін көлік жүргізгенде жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.

"Әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қозғалысы қауіпсіздігіне тарту идеясы білім беру мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Халықаралық тәжірибе мұндай бастамалардың жол-көлік жарақаттарын азайтып, өскелең ұрпақта азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын көрсетеді", – деді комитет төрағасы.

1 қыркүйек қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерді полицейлермен бірге әр баланың үйден мектепке және кері бағыттағы ең қауіпсіз жолын белгілеуге шақырды.

"Бала мектепке және үйге әрдайым бір ғана ең қауіпсіз бағытпен қатынауы тиіс, оны жатқа білуі қажет", - деді ведомство өкілі.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар