Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аида Штапбекқызы: Менің мектебім – келешектің мектебі

Аида Штапбекқызы: Менің мектебім – келешектің мектебі
kyn.kz
Жайлы мектеп директоры өз мектебіндегі ерекшеліктер жайлы айтты.

Жаңадан ашылған «Келешек» мектебінің директоры ретінде 2025 жылғы Тамыз саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен және Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлымен өткен кездесуге қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Бұл – менің кәсіби жолымдағы ерекше, жауапты әрі шабыт беретін сәттердің бірі болды. Мемлекет басшысының білім саласына деген жіті назарын, мұғалім мәртебесін көтеру жолындағы нақты қадамдарын тыңдай отырып, өз ісіме деген сенімім мен жауапкершілігім арта түсті.


Ал, министр Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың ашық сұхбатқа дайын болуы, заманауи білім беру талаптарына сай реформалар жөніндегі ойлары мені терең ойға қалдырды. Министр өз сөзінде: «Қоғамда «Келешек мектептері» көпке үлгі болатындай болуы керек. Біздің мақсатымыз — адами қабілет пен қасиеттерді қалыптастыру. Ұстаз мәртебесі қашанда биік. Дәл қазірдің өзінде мен — төменде, сіздер — биікте отырсыздар. Бұл — ұстаздық ұлы жолдағы биіктік. Ұстазды құрметтегенде ғана нәтиже мен білімде сапа болады», — деді.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты- жаңа технологиялар мен мен оқыту әдістерін тиімді қолдана алатын білікті педагогтермен қамтамасыз ету, білім алушылар үшін қолайлы, қауіпсіз орта құру. Осы орайда, Ақтөбе қаласында бірнеше «Келешек мектептері» бой көтерді. «Ақжар-2» тұрғындар алабында салынған №79 жалпы білім беретін орта мектебі – заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, білім алушыларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған , жаңа үлгідегі білім беру ұйымы. Мектепте кәсіби деңгейдегі, пәндік құзыреттілігі жоғары педагогтер қызмет етеді.


Біздің міндетіміз- білім сапасын арттыру жолында оқытудың заманауи әдістерін меңгерту, білім алушылардың құзіреттілігін дамыту болып табылады.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер-сіз бен біздің болашағымыздың жарқын көрінісі.
Бұл кездесулер мен үшін тек кәсіби мотивация ғана емес, еліміздің білім саласының болашағына сеніммен қарайтын мол мүмкіндік.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар