Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Табандылық пен жүйелі еңбектің жемісі”: әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар ем алуға Стамбұлға жіберілді

“Табандылық пен жүйелі еңбектің жемісі”: әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар ем алуға Стамбұлға жіберілді
Сурет: Instagram/ Inga_imanbay
Инга Иманбай Ербаян Мұхтарға қатысты жаңалықпен бөлісті.

Әскерден мүгедек болып қайтқан сарбаз Ербаян Мұхтар бүгін таңертең ата-анасымен бірге Стамбұлға жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Ол бұл шешуші кезең екенін айтты. 

“Соңғы бір жыл ішінде Ербаян тек ата-анасының ғана емес, бүкіл халықтың қымбаттысына айналды. Оның тағдыры мыңдаған адамның жүрегін толқытты. Егер алғашқы ота мен ем халықтың қолдауымен жасалған болса, бұл жолы үлкен көмекті мемлекет көрсетті: портал арқылы үш айға созылатын қымбат әрі аса маңызды оңалтуға қаржы бөлінді. Ұшуды Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Ербаянның ата-анасы атынан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен генерал Қайрат Өмбетовке көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

Көпшілік менен «Ербаян үшін не істеп жатырсыз?» деп жиі сұрайды. Мен сөзбен емес, нәтижемен жауап бергенді жөн көремін. Қоғам назарын аудару, мемлекеттік органдардың қатысуына қол жеткізу, осындай емді ұйымдастыру — бір күннің ісі емес. Бұл — ұзақ келіссөздер, табандылық пен жүйелі еңбектің жемісі. Дау-шу шығармай, бірақ нақты нәтижемен атқарылған жұмыс”, - деп жазды ол. 

Заңгер Ербаянға қатысты мемлекеттік құрылымдардың дұрыс шешім қабылдағанына және көмек қолын созғанына қуанышты екенін білдірді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар