Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Киімсіз жүре беретін аналар бар екен”: Мөлдір Әуелбекова кейбін әйелдерге үндеу жасады

“Киімсіз жүре беретін аналар бар екен”: Мөлдір Әуелбекова кейбін әйелдерге үндеу жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбекова ұл балаларының көзінше киімсіз жүретіндерді сынады.

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұл баласы бар  аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол ұл балаларының көзінше киімсіз жүретін аналарды түсінбейтінін жеткізді. 

“Ұл балаларының көзінше киімсіз жүре беретін аналар бар екен. Таңғалып отырмын. Өз басым ұлымды омыраудан шығарғалы, көзінше тіпті киім ауыстырмайды екенмін…", – деп жазды ол. 

Әншінің бұл ойы көпшілікке ой салды. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде.

“Менің енем балаларының көзінше киімін ауыстырады. Ескерту жасағаным үшін басым бәлеге қалған”, “Анасының көйлек ауыстырғанын көру ұят емес”, “Ер баланың көзінше анасы шешінбеуі керек”  деп жазды көпшілік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар