Қоғам
Астанада 30 жастағы қыз ашу үстінде анасын пышақтап тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2025
- 32

Астанадағы пәтелердің бірінде 70 жастағы әйелдің денесі табылды.
Астанадағы көпқабатты үйдің пәтерінен 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызы ұсталған. Бірнеше күн бұрын анасы мен қыздың арасында тұрмыстық жанжал болған. Салдарынан қайғылы жағдай орын алған. Қыз ашу үстінде анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, мерт қылған.
Алайда қыз болған оқиға жайында ешкімге хабар бермей, анасының мәйітін екі күн бойы пәтерде ұстаған. Көршілердің дабылынан кейін ғана полиция келіп, мәйітті анықтады.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.