Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

15 мың теңге үшін: Түркістан облысында 19 жастағы жігітті әскери қызметкер мен оның достары аяусыз өлтіріп кеткен

15 мың теңге үшін: Түркістан облысында 19 жастағы жігітті әскери қызметкер мен оның достары аяусыз өлтіріп кеткен
Сурет: rus.baq.kz
Жас жігітті өлтіріп, денесін лақтырып жіберген.

Түркістан облысында 19 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Астанада шулы оқиғаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осы жылдың ақпан айында жігіт моншаға кеткіп, содан оралмаған. Күдікті ретінде әскери қызметкер мен оның достары ұсталды. Марқұмның туыстарының айтуынша, Жасұланның денесі екі күннен кейін ғана табылған.

Айыпталушылар қылмыс іздерін жабу үшін қолдарына резина қолғап киген. Содан кейін айғақ болатын заттарды қртеп жіберген. Бірақ тергеу амалдарының нәтижесінде қылмыстың беті ашылды.

Айыпталушылар марқұмның атынан 200 мың теңге несие рәсімдеген. Бірақ жас жігіт оны төлеуден бас тартқан. Олар мәселені шешпеу үшін осындай әрекетке барған. Кейінірек қылмыскерлердің бірі Жасұланның денесін сүйіктісіне көрсеткен. Ол полицияға жүгінбеген.

Заңгердің айтуынша, сотталушылар марқұмнан бөлек басқа адамдарды да қорқыту арқылы олардың атынан несие алған.

«3-4 адамдардың атынан кредит алады. Оны төлемес үшін өлтіріп отыруды ойлаған. Пышақты лақтырып, киімдерін өртеп жіберген. Ізін жасырмақ болған. Ол ғана емес ауылдың тағы да басқа балаларынан займ алған. Соларді бірге ертіп әкетпек болған. Бірақ оларды үлкен ағалары ұстап қалған. Әйтпесе ол балалар да жаңағыдай жағдайға тап болатын ба еді», - дейді заңгер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар