Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетілмейтін болды

Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетілмейтін болды
Сурет: gov.kz
Еңбек министрі Светлана Жақыпова кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатынын айтты.

Қазақстанда жағдайы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетпеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы үкімет кулуарында Еңбек министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі – төрт айлық аралық минимумды құрайтын болса (шамамен 200 мың теңге), екі және одан да көп автокөлігі, екі және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар отбасы – әлеуметтік жағдайы жоғары деп есептеліп, көпбалалы болса да біржолғы төлем алмайды. Мектеп формасы, сөмек, қағаз-қалам сынды қолдау көмектері берілмейді", - деп мәлімдеді Үкімет кулуарында Еңбек министрі.

Оның айтуынша, елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі жаңа әдістеме бойынша есептеліп жатыр.

"Өткен жылы Еңбек министрлігінде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі әзірленді. Оның негізіне еңбек өнімділігі көрсеткіштері, жалақының медиандық мөлшері және сәйкесінше инфляция көрсеткіштері алынуы тиіс", – деді министр.

Айта кетейік, республикалық бюджетте 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар