Автобус жүргізушілері енді мектеп оқушыларын көліктен мәжбүрлеп түсіріп кете алмайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:11
- 36

Елімізде мектеп пен колледждерде антибуллингтік бағдарлама енгізілуде.
Оқу-ағарту министрлігі буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйектен бастап балалардың құқықтарын қорғау саласына енгізілген өзгерістер тізімін жариялады.
Білім ордаларында «ДосболLIKE» атты антибуллингтік бағдарлама енгізіліп, ппталық жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі. Буллинг ұйымдастырғаны үшін айыппұл тағайындалды. Оның мөлшері – 10 АЕК; қайталанған жағдайда – 30 АЕК.
Сондай-ақ енді қоғамдық көліктен балаларды түсіріп тастауға тыйым салынады.
«Қоғамдық көліктен балаларды түсіруге тыйым енгізілді. Автобус жүргізушілеріне 16 жасқа толмаған балаларды ересектердің еріп жүруінсіз түсіруге болмайды. Бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген хабарламада.