Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішіп алған мас»: Түркістан облысында тойда ән айтып тұрған келіншекті экс-қайын атасы соққыға жықты (ВИДЕО)

«Ішіп алған мас»: Түркістан облысында тойда ән айтып тұрған келіншекті экс-қайын атасы соққыға жықты (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында келіншекті бұрынғы қайын атасы той үстінде ұрып тастады.

Түркістан облысында той үстінде ән салып тұрған әншіні экс-қайнатасы ұрып жібердң. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 тамыз күні Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған. Әншінің айтуынша, қайын атасы әдейі қастандық жасау үшін келген. Ал учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына 1 сағаттан аса уақытта келген.

«Загамбар тойханасында ән айтып тұрған жерімнен байқамай қалдым кенеттен тап болып бар күшімен мені бұрынғы күйеуімнің әкесі, бұрынғы қайын атам ішіп алып келіп мені тойда ұрды.
- Ол бойынша жалғыз ғана учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына 1 сағаттан аса уақытта келіп және жұмысына немқұрайлы қарап, өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармауда.
- Учаскелік полиция инспекторлары мені сот медициналық сараптамадан өткізбеді уақытты созды, мендегі қызарған ісінулер кетіп қалуын
күтті, өзіміз шақырамыз экспертизаға деді. Оған дейін көгерумен ісінгендер кетіп қалсашы дегенімде фотоға түсіріп алыңыз деді, бірақ заң
бойынша ол фото жарамайды.
- тойдағы куәлардан жауап алмады, керісінше кешірім бер деп менің арызымды кешіктіріп жазып алып қалды, сосын тіркеп қоямыз деді
- Заявления жазуға барсам мені ұрған адамды шақыртып қойған. Олар келгенше әдейі уақытты созды, олар стол жайып су пуымен кіріп
келді, сөйлесіңіздерші диді, мен үстінен жазамын болды кетемін дедім. Ол адамнан мен қорқып шығып кеттім, учасковой оған ештеме айтпады, ештеме істемеді менің көзімше, - дейді жәбірленуші әйел.

Экс-қайын атасынан соққы алған келіншек бұл істі ендігіде заңды тұлғаларға тапсырып, олардан әділдікке жету үшін көмек сұрады. Ал ер адам болса, әлі де бостандықта жүрген көрінеді.

«Мен жалғыз басты анамын мені соншама жұрттың алдында ұрып соғып, қоғамдық тәртіпті құрметтемей осындай жағдайға жеткізді. Менің абыройымды құртты. Оған заң жүзінде жауап беруін
сұраймын. Оқиға орын алған күні наркологиялық
куәландырудан өткізбеген, ішкен адамды экспертиза жасап оны қамауға алу керек еді, бірақ мені ұрған адам әліде неге бостандықта шалқып
жүр», - дейді ол.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар