Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар енді Арменияда 90 күн визасыз жүре алады

Қазақстандықтар енді Арменияда 90 күн визасыз жүре алады
Сурет: guide.planetofhotels.com/ru
Ендігіде Қазақстан азаматтары Армения елінде ішкі құжатпен жүре алады.

Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады, ал Армения азаматтарына Қазақстанда визасыз жүруге рұқсат беріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады.

Құжатқа 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған. Оны ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады.

Келісім аясында шетелге шығуға арналған құжаттар тізімі кеңейеді. Енді оған Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік және Армения азаматтары үшін сәйкестендіру кіреді. Осылайша, қазақстандықтар Арменияда ішкі құжатпен жүре алады. Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын.

Қазақстан мен Армения азаматтарының бір-бірінің аумағында болу мерзімі өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік шекарадан өткеннен бастап 90 күн және алты ай ішінде жалпы алғанда осы мерзімнен аспауы керек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар