Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес»: Толқын Забированың анасы қайтыс болды

«Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес»: Толқын Забированың анасы қайтыс болды
Сурет: instagram.com/tolkynzabirova
Толқын Забирова анасы туралы видео жариялап, жантебірентерлік жазба қалдырды.

Белгілі әнші Толқын Забированың анасы қайтыс болды. Бұл туралы өнер иесінің өзі желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі анасына арнап видео жариялады.

«Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес. Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі жүрегімдесің! Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтуда. Олар «Анаңыздың жатқан жері жайлы болсын, иманы саламат болсын», «Бекем болыңыз, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз», «Қайғыңызға ортақпыз, Толқын Қалиқызы. Амал дәптері оңынан болсын» деп жазды.

Еске салсақ, Толқын Забирова бұған дейін өзінің әкесін ешқашан көрмегенін айтқан болатын. Анасы мен әжесінің қолында өскен.

«Мен әкемнің қолынан ешқашан кәмпит жеген емеспін. Әкемді де көрген жоқпын. Балалық шағымда дастархан басында бір ер адамның отырғанын көргенім бар, бірақ ол кісіні танымаймын. Мүмкін әкем шығар. Балалар “әкем велосипед әкеліп берді” деп мақтанғанда, мен көрпенің астында жылап жататынмын. Мен үшін нағыз тірегім анам мен әжем болды», – деген еді ол бір сұхбатында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар