«Сіздікі жәй ма?»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:36
- 74

Әнші Ерке Есмахан белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өзінің Instagram парақшасының сторис бөлімінде жазды.
Ләйлә Сұлтанқызы жақында өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтарды қонаққа шақырып, отандық жұлдыздардың қайсысы ота жасатқаны туралы сұрады. Ол жерде Ерке Есмаханның есімі де аталған.
Дәрігерлердің айтуынша, ол жағына, көзіне пластикалық ота жасатқан.
Бұл жағдай әншінің ашуына тиген.
«Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұхбаттастарыңызда айтып отырған қорқынышты нәрселердің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды», – деді Ерке.
Өзін әңшіме қылатындарға мән бермегенімен, атын қолдану арқылы хайп ұстайтындарды ұнатпайтынын айтты.
«Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!», – деп жазды ол.