"Пиджагы 2,4 млн": "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрайымы қымбат бренд киімі үшін сынның астында қалды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:31
- 446

«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Лаззат Чинкисбаева Қызылордада өткен іс-шарада 2,4 миллион теңге тұратын Miu Miu пиджагы мен шамамен миллион теңге тұратын Fendi шалбарын киіп жұртшылық алдына шығып сөйлеген.. Бұл факт сирек кездесетін ауруы бар балалардың ата-аналарының наразылығын тудырды. Олар бұған дейін аталмыш қордан балаларының еміне қаржылай қолдау сұраған еді.
Ата-аналардың айтуынша, қор 2022 жылдан бері тіркелмеген дәрілерді сатып алуға көмектесіп келегн. Алайда осы жылы мамырдан бастап олар өздерінде ақшаның аздығын себеп ретінде келтіріп, қаржы бөлуді яғни қолдауды ресми түрде тоқтатқан.
Дененің бұлшықет дистрофиясы бар балалардың отбасылары «Қазақстан халқына» басшылығымен кездесіп, Элевидис, Касимерсен, Этиплерсен және Голодирсен сияқты қажетті препараттармен қамтамасыз ету мәселесін талқылауға тырысты.
Ірі мемлекеттік компанияларға тікелей хабарласу да нәтиже бермеді: олар қайырымдылық қаражаттары тек қор арқылы аударылатынын айтты.
Қордың қазіргі басқарма төрайымы Лаззат Чинкисбаева. Ата-аналар әртүрлі өңірлерден Астанаға келіп, онымен жеке кездескілері келген. Бірақ олардың айтуынша, басшылық тарапынан ешкім оларға шықпапты. Кейін олар интернетте Чинкисбаеваның қымбат киіммен түскен суретін көріп, тағы да сұрақтар туындаған.
«Ол Қызылордаға қандай да бір іс-шараға барды. Мүмкін, сөз сөйлеу үшін. Бірақ ата-аналар оның үстіндегі қымбат бренд киіміне таңдана қараған. Егер оның жай сөз сөйлеу үшін киген киімі осындай қымбат болса, жалақысы қандай болуы керек? Бұл көптеген сұрақтар тудыратын жайт», — деді «Өмірге сен» қоғамдық қорының негізін қалаушы және директоры Сабиля Шугелова.
Брендтердің ресми сайттарындағы ақпарат бойынша, қара жібек Fendi шалбары 1300 фунт стерлинг (шамамен 940 мың теңге) тұрады, ал Miu Miu пиджагы — ағымдағы курс бойынша 2,4 миллион теңге.
NewTimes.kz тілшісі «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін жүгінді. Онда басшының киімдері — «түрік өндірісінің репликалары» деп хабарлаған.