“Перизат Қайраттың артында кім тұрған”: ҚМА өкілі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:54
- 66

Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов көпшіліктің көкейінде болған “Перизат Қайрат мұның бәрін жалғыз өзі істеді ме?" деген сұраққа жауае берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Перизат Қайраттың артында ешкім болмаған. Ол мұның бәрін өзі жасаған.
"Қорға түскен ақшаны, сайып келгенде, Перизат Қайрат пен анасы иемденді. Біз бұған дейін хабарлағанбыз: жеке үй, төрт пәтер, көліктер. Барлығы осы ақшаға сатып алынған. Қылмыстық тергеу аясында бұл ақшаның заңсыз жұмсалуына қатысы бар басқа тұлғаларды анықтаған жоқпыз", - деді Елемесов Сенат дәлізінде.
Еске салсақ, 2024 жылы Перизат Қайрат 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты. Ол 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.