Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы соты Дәулет Тұрлыхановтың ұлын мерзімнен бұрын босатудан бас тартты

Алматы соты Дәулет Тұрлыхановтың ұлын мерзімнен бұрын босатудан бас тартты
Сурет: видеодан скриншот
Дәулет Тұрлыхановтың ұлының өтінішін сот қанағаттандырмады.

Алматы қаласының Алатау қалалық соты Дәулет Тұрлыхановтың ұлын мерзімінен бұрын босатудан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2024 жылдың қазан айында Нұрасыл Болат жазасының өтелмеген бөлігі – 1 жыл 5 ай 10 күнді орташа түзеу мекемесінде өтеуге ауыстырылды. Бұл шара оның пробациялық қадағалау мерзімін бірнеше рет бұзуына байланысты қабылданған.

«Сотта сотталған Нұрасыл Болаттың 2024 жылғы 14 тамызда түнгі сағат үште қоғамдық орында болғаны сот белгілеген шектеулерді бұзғаны анықталды. 2024 жылдың 11 қазанында кешкі уақытта мейрамханаға барды. 2024 жылдың 12 қазанында ол түнгі ойын-сауық мекемесінде болған», - деп хабарлады сот.

2025 жылғы 4 қыркүйекте өткен сот отырысында сотталушы өзінің өтінішін қанағаттандыруды және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруды сұрады. Жәбірленуші тарап та бұл ұсынысты қабыл етті.

Бірақ сот бұл өтінішті қабылдамай, оны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың ұлына берілген шартты жаза заңгерлер Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққаны үшін нақты мерзімге ауыстырылған еді. Ол Алматы сотының шешімімен қауіпсіздігі орташа колонияда 1 жыл 5 ай жазасын өтеуі керек.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар