Балаева СІМ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:57
- 50

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен өзге тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, бұған дейін кейбір БАҚ-та Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Хаджи Хаджиев пен ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды деген ақпарат тараған болатын.
Министрдің айтуынша, бұл ақпарат расталмаған.
«Хайпқа» толы, көбіне расталмаған деректердің соңына түсіп жүргенде, журналистер мұндай ақпараттың азаматтарға және олардың жақындарына зиян келтіруі мүмкін екенін, ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан тигізетінін, негізі жала болып саналатынын естен шығармауы тиіс. Әріптестерімді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауы тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», – деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2025