«Қызғаныш себеп болған»: БҚО-да ер адам әйелін пышақтап өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2025
- 519
БҚО-да ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Істі қазылар алқасы қарайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қылмыс жасауына қызғаныш себеп болған.
Әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды. Артында үш баласы жетім қалды. Марқұм әйел мен күдіктінің жасы шамамен 30-да болған.
Үш айдан соң іс сотқа жолданды. Ол қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.
Күдіктіні қазылар алқасы соттайды. Олардың іріктеуі 16 қазанға белгіленді.
Айта кетсек, 28 мамырда БҚО-да Теректі ауданына қарасты Шаған ауылында болған. Марқұмның күйеуін сол күні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында көшедегі қоқыс жәшігіне жаңа туған тірі сәбиді тастап кеткен
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026




