Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үйінде шалқып өмір сүре ме?!»: әнші тойда өзін ұрған экс-қайын атасының үйқамақпен құтылып кеткеніне наразы

«Үйінде шалқып өмір сүре ме?!»: әнші тойда өзін ұрған экс-қайын атасының үйқамақпен құтылып кеткеніне наразы
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Той үстінде бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тың мәліметпен бөлісті.

Той үстінде бұрынғы қайын атасы соққыға жыққан әнші тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, тергеу соты ер адамды үйқамаққа жіберген.

“Төлеби аудандық тергеу сотының судьясы Сейтжан Исмаилов қайын атамды қамаудан босатып жіберген. ҚР ҚПК-нің талаптарында бұлтартпау шарасын қарау 48 сағат ішінде тергеушінің негізділігін растайтын іс құжаттарын зерделеу арқылы жүзеге асыратыны белгілі. Ал ұрып соққан бұрынғы қайын атам бас шарасын қарау жөнінде сот процесі 24 сағатқа да жетпеген. Тіпті 12 сағат та отырмаған. Екі ай үйқамақта болады. Бұл қалай сонда?! Үйінде шалқып өмір сүре ме?! Бізді көшеде ұрып, балағат сөз айтып кетсе де ғана қамала ма?! Түсінбей отырмын. Қазақстанда әйел адамның ар-намысы мен мүддесін кім қорғайды?! 500 адамның көзінше ұрып, маған дене жарақатын салды. Менің сыртымнан күліп, балағаттап, видео таратты. Мен үшін ол кісі бөтен адам. Бес жылдан бері мен ол адамды көрмедім. Түркістан облыстық сотына мен үндеу жасаймын. Осы жағдай үшін мен тапсырыс алып қойған тойларымнан бас тарттым. Олар “Біздің тойымызға да келіп, шырқын бұзбай ма?! Сені тағы да ұрып кетпей ме?!” деп жатыр. Маған да оңай тиіп жатқан жоқ”, – деді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар