Басты жаңалықтар
"Балаңды атып келдім": Талғардағы сұмдық жайлы марқұмның анасы айтты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:53
- 1.5k

Марқұм жігіттің артында аяғы ауыр жесірі мен үш баласы қалды.
Талғарда болған сұмдық жайттың қалай болғаны туралы қара жамылған отбасы мүшелері айтып берді. Олардың сөзінше қылмыскерлер үйге суық қарумен басып кірген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Үйге үш жігіт кіріп келді. Басыма мылтық тақаған жігіт "Қызыңды тауып бер. Балаңды дүкен қасында атып келдім. Біреуге звондасаң атып жіберемін" деді. Біз басында сенбедік Не істерімізді білмей абрырап қалдық. Екі жігіттің қолында пышақ болды. Пышақ ұстағандардың бірі қаруын келігіме кезенді",-дейді марқұмның анасы.
Бүгін Талғарда қара жамылған отбасы кісі қолынан атылған ұлдарын жер қойнына тапсырып жатыр. Ал қаныпезер алып кеткен 2 жасар қыз аман-есен құтқарылды.