Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғарда ер адам екі жасар қызды ұрлап кетіп, көлікпен жардан құлаған (ВИДЕО)

Талғарда ер адам екі жасар қызды ұрлап кетіп, көлікпен жардан құлаған (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Талғарда ер адам ауыл тұрғынын мылтықпен атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен.

Талғарда ер адам кішкентай қызды ұрлап кетіп, көлікпен жардан құлаған. Бүлдіршінге дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сәриеваның айтуынша, қылмыскер көлікпен жардан құлап кеткен. Сол кезде бала жарақат алған.

"Ол оған қол тигізбеген. Қыз аман қалды. Бірақ тілі жыртылған", – деп жазды Сәриева.

Қызы ұрланған жәбірленуші әйел – медбике болып жұмыс істеген. Күдікті үйге келген уақытта ол көршісінің үйінде қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа дәрі қойып жатқан.

"Осы кезде қылмыскер оны да, баланы да алып кету үшін келген болуы мүмкін. Егер ол оларды үйде көргенде не боларын елестете алмаймын", – деді Сәриева.

Еске салсақ, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, екі жасар қызды ұрлап кеткен болатыр. Арнайы жасақ күдіктіні ұстап, баланы анасына қайтарды. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар