Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғардағы қылмыс: Прокуратура полицияға қатысты іс қозғады

Талғардағы қылмыс: Прокуратура полицияға қатысты іс қозғады
Сурет: Polisia.kz
Талғардағы жағдайға байланысты Алматы облысының прокуратурасы полицияға қылмыстық іс қозғады.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында полицейлердің зорлау күдігіне ілінген ер адамды босатып жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Облыс прокуратурасы Талғар ауданы ПБ қызметкерлерінің әрекетсіздігі (ҚК 370-бабы, 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар зорлау күдігіне ілінген ер адамды ұстауға қажет шара қолданбаған. Нәтижесінде күдікті Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкеткен", – делінген хабарламада.

Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

"Прокуратура жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректер жарияланбайды.

Айта кетсек, Талғарда ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер ота жасады. Тіліне сегіз тігіс салған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар