Қоғам
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:26
- 69

Әкесін ұлы аяусыз ұрып-соқты.
Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті өкілі осы жайтқа пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.