Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
Сурет: ашық дереккөздерден
"250 мың доллар керек": Жарылқап Қалыбайдың еміне қаржы керек.

«Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бес редакторы, журналист Жарылқап Қалыбай көпшіліктен еміне көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әріптесі Рысбек Сәрсенбай желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Пәле 2014 жылы Путинді Гитлермен салыстырып шығарған журнал санынан басталды. Ұзаққа созылған соттасулар, одан кейін журналды таратпау мақсатындағы экономикалық қысымдар оны қаржылай шығынға батырды. Соған қарамастан, журналдар бес жыл бойы шығып тұрды. Ақыры жабылды, табыс көзі үзілді. Бірақ ол қаламын қолынан тастаған жоқ, әлеуметтік желі арқылы халықты саяси-ағарту жұмыстарымен шұғылданды. Нұрбиліктің әділетсіздіктеріне қарсы тұрды. Әділдік пен шындық үшін күресті. Талай жылғы талас-тартыс оңай емес, іштей депрессияға түсті. 2019 жылы ковидпен ауырып, әрең аман қалды. Қазір мүгедектігі үшін тағайындалған жәрдемақыға қарап отыр", – деп жазды әріптесі Рысбек Сәрсенбай.

Айтуынша, Жарылқап Қалыбайға онкологиялық ауру – бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) диагнозы қойылған.

"Екі мини-операция жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан,Түркия, Индияда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр транспантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстүк Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті. Операция және операциядан кейінгі кезеңнің шығынына 250 мың доллар керек", – деді қоғам белсендісі.

Көмек көрсетемін деген қайырымды азаматтар үшін төменде арнаулы банк шоты ашылды.

АО Kaspi Bank

CASPKZKA

Карта нөмері: 4400430225762233

Теңгемен.

АҚШ долларымен:

KZ40722C000024985182

Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы.

Каспи голд телефоны: +77014410244.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар