"Бұл жалған": Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу журналистер алдына шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:05
- 51

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өзі туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол парламент ғимаратына президенттің Қазақстан халқына жолдауын тыңдауға келді.
"Бұл жалған және абсурд. Мұндай нәрсе көктемде, күзде адамдарда болады... Тіпті, пікір білдіретіндей ештеңе жоқ. Өздеріңіз білесіздер, жұмыста отырдым, жиналыстар болды. Басқа елдегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлескенімді білесіздер, инвесторлармен жұмыс бойынша кездесулерім болды. Бәрі әдеттегідей", - деді Нұртілеу.
Журналистер министрден сотқа арыз беру жоспары бар ма, соны сұрады.
"Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан зайырлы мемлекет. Тиісті органдар бар. Керек болса солар осымен айналыссын. Мен бұл мәселені жеке қабылдайын деп тұрған жоқпын. Тіпті елде болмауым да мүмкін. Жолдаудан кейін шетелге кетуді жоспарлап отырмын", - деп жауап берді министр.
Айта кетсек, өткен аптада БАҚ-та Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ҰҚК қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жалған ақпаратпен күрес орталығы Мұрат Нұртілеу мен Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.