“Қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар”: Тоқаев қоғамдық орындардағы келеңсіз жағдайларға тоқталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қыркүйек, 2025
- 575
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орында балағат сөйлеу, жаға жыртысу әдетті жағдайға айналғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Соның ішінде қоғамдық жерлерде тәртіп бұзатын әйелдерді туралы да айта өтті.
“Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады. Өкінішке қарай, солардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




