Саясат
Жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек - депутат Бақытжан Базарбек
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2025
- 388
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің 20 миллион теңге жалақыға татитын жұмыс атқарып жүргенін айтты.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің көп жұмыс істеп жүргенін және атқарған еңбегін 20 миллион теңгеге бағалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент Жолдауынан кейін кулуарда жиналған журналистер депутаттардан бір палаталы Парламент құру жайлы пікірлерін білді. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл реформадан тек артықшылық көретінін жеткізді.
Бұдан басқа парламент мүшелерінің жалақысын көтеруге қатысты пікір білдірді. Тек өзіне қатысты жауап берді.
“Өз басым қызметімді атқарып жүрмін және жеке өзімнің ойымша, менің жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек. Өйткені мен 20 миллионға татитын жұмысты атқарып жүрмін”, – деді Бақытжан Базарбек.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Сот Қожамжаровтың туыстарының құны 2,6 миллиард теңге болатын мүлкін бұғаттады
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2025
Саясат
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2025




