Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“5 жыл бойы дертпен күресіп келдік”: блогер анасының қазасын баяндап берді

“5 жыл бойы дертпен күресіп келдік”: блогер анасының қазасын баяндап берді
Сурет: видеодан скриншот
Танымал блогер анасының көп жыл бойы ауырғанын айтты.

Әлеуметтік желіде ата-анасына пранк жасап, танымал болған блогер Нұргелді Кердеш анасының қазасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Блогердің айтуынша, анасы соңғы 5 жыл бойы ауыр дертпен күресіп келген. 

"Өткен жұма күні анамыз бақилыққа аттанып кетті. Әлеуметтік желіде анамның дүниеден озу себебін сұрап жатыр. Бүгін осы видеоны арнайы түсіріп отырмын. Осыдан 5 жыл бұрын анамызға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Осы 5 жыл бойы дертпен күресіп келдік. Шипасы болады деген емнің бәрін қолдандық. Шетелге де бардық. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ Аланың қалауымен анамыз бұл дертті жеңе алмады. Маған жазған хаттарыңыздың бәрін оқып отырмын. Анам үшін дұға жасап жатқандарыңызға алғысым шексіз. Сөз соңында жақындарыңызға жанашыр болыңыздар дегім келеді. Ата-аналарыңыздың жанында көбірек уақыт өткізіңіздер", – дейді блогер.

Көпшілік Нұргелдіге көңіл айтып, оның бекем болуын тіледі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар