Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Google деректерінің тарап кетуіне байланысты қазақстандықтарға құпиясөзді ауыстыруға кеңес берілді

Google деректерінің тарап кетуіне байланысты қазақстандықтарға құпиясөзді ауыстыруға кеңес берілді
Сурет: Techtoday.in.ua
Gmail қолданушыларының деректері тарап кетті: прокуратуралар қазақстандықтарға пошта құпиясөзін өзгертуді ескертті.

Google деректер базасы бұзылғаны туралы  анықталып, Gmail қолданушыларының деректері тарап кеткен. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі парақшаға қатысты байланыс дерегіне қол жеткізген, бірақ құпиясөздер ұрланбаған.

"Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған. Олар Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail құпиясөзін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді иемденген", - деп жазылған хабарламада.

Азаматтарға мынадай кеңес берілді:

  • Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе, қарапайым болса немесе қайталанатын болса.
  • Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.
  • Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу, он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар