Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бірнеше ұл қызды әжетханаға итеріп кіргізген»: Тараздағы мектеп-интернаттағы жағдай көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)

«Бірнеше ұл қызды әжетханаға итеріп кіргізген»: Тараздағы мектеп-интернаттағы жағдай көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Мектеп-интернатта бірнеше ұл қызды әжетханаға сүйреп кіргізген.

Тараздағы мектеп-интернатта бірнеше ұлдың қызды әжетханаға итеріп кіргізген видео желіде тарады. Оларды есікті ішінен жауып алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеожазба дан балалар есікті ашып қараған кезде, қыздың шалбарын киюге тырысқанын байқауға болады.

Жамбыл облысы Білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиға көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатта 5 сәуірде болған. Мектеп басшылығы құзырлы органдарға хабарламағаны белгілі болды.

"Мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Құзырлы органдарға ақпарат бермегені үшін мектеп-интернат директорына еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза шарасы қолданылды", – деп хабарлады басқарма.

Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжанов қазір қызға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол басқа мектепке ауыстырылған.

Оның айтуынша, қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалмаған. Ол дәретханадан қателескен. Ал балалар болса, қызды кабинаға сүйреп әкелген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар