Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда самокат мінген жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзіне үшкір зат сұғып алды

Алматыда самокат мінген жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзіне үшкір зат сұғып алды
Сурет: Алматы қаласы ПД
Самокат мінген жігіт жаяу кетіп бара жатқан аадмның көзін ағызып, қашып кетті.

Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасады. Оның көзіне үшкір зат сұғып алып, қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 қыркүйек күні болған. Күдіктінің бірнеше күннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

Жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалған. Оның өз қаражатына емделіп жатқаны белгілі болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар