
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының таулы аудандарында күн райы бұзылып, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, дауыл соғады. Шығыста тұман күтіледі. Солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай болжанған.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі бар. Қызылордада да шаңды дауыл күтіліп, желдің екпіні 16 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстігінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Алматыда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл болады. Кей аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірдің оңтүстік-батысында төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Қостанайда нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда да өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен орталығында жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің батысында төтенше, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, таулы аудандарында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да осындай жағдай болжанған.
Ақмола облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Кей жерлерінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары. Көкшетауда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсіп, дауыл болады.
Павлодар облысының батысында түнде, ал солтүстік, батыс және оңтүстік бөлігінде күндіз найзағай болжанған. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл болады. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.