Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке шәкіртақысының 10 пайызынан салық төлеуі тиіс

Шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке шәкіртақысының 10 пайызынан салық төлеуі тиіс
Сурет: digitalbusiness.kz
Шетелде оқитын студенттер мемлекетке салық төлейді.

2024 жылы өзге елде білім алған қазақстандық студенттер биыл декларация тапсырып, шәкіртақысының 10 пайызынан салық төлеуі тиіс, KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қазақстанда қарапайым халық декларация тапсырудан босатылса да, шетелде табыс тапқандарға бұл талап күшінде қалған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шетелдік қаржы көзінен қаржыландырылып, шәкіртақы алған қазақстандық студенттер “кірістер мен мүлік туралы” декларацияда шәкіртақы көлемін көрсетуі керек. Сәйкесінше оның 10%-ын жеке табыс салығы ретінде төлеуі қажет. Ал “Болашақ” сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шәкіртақы алғандар салықтан босатылады.

Мамандардың айтуынша, 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес шетелден шәкіртақы алатын тәлімгерлерге салық салынбайды.

“Бірақ салық салудан босатылатын шәкіртақылардың жеке санаттары бар. Бұл Қазақстанның білім беру ұйымдары ұсынған, сондай-ақ "Болашақ" секілді арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында тағайындалған шәкіртақылар болып табылады”, – дейді МКК салық әдістемесі басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар