Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Израиль Дохаға соққы жасады: Катарда 1,5 мың қазақстандық бар

Израиль Дохаға соққы жасады: Катарда 1,5 мың қазақстандық бар
Сурет: РИА новости
Сыртқы істер министрінің орынбасары Катарда 1,5 мың қазақстандық барын айтты.

Қазіргі уақытта Катарда шамамен 1,5 мың қазақстандық бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистер мәжіліс кулуарында Бақаевтан Қатар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы жөнінде сұрады.

"Әрине, азаматтардың арасында біздің адамдар бар, бірақ, құдайға шүкір, зардап шеккендер жоқ. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Қазіргі уақытта Қатарда 1500-дей адам бар", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Ол қазақстандықтардың ішінде 516 адам консулдық есепте тұрғанын айтты. Олармен дипломаттар тұрақты байланыста.

Айт кетсек, 9 қыркүйекте Израиль Дохаға соққы жасады. Нысанаға АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылауға келген ХАМАС басшылығы делегациясы орналасқан тұрғын үйлер алынған. Қатар Израиль шабуылын айыптады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар