Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің туысын сотқа бермек
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қыркүйек, 2025
- 842
Дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Айтуынша, олар әлеуметтік желілерде өзінің келісімінсіз балаларының суреттерін жариялап жүр. Сонымен қатар жала жапқан.
TikTok-та жарияланған видеода Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш Каринаға қатысты “жалған айыптау” үшін арыз түсіргісі келгенін, алайда Сәкеннің өзі оған рұқсат бермегенін айтқан.
“Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма айтылған қорлау мен жала жабу – жай ғана хейт емес, заңбұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр. Егер бұл жалғаса берсе, тиісті органдарға жүгінемін. Сонымен қатар менің және балаларымның суреттерін келісімімсіз жарияламауыңызды талап етемін”, – деді Карина Мамаш.
Ол барлық дәлелдерді сотта көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі мен балалар контентінің маңыздылығы
- авторkyn.kz
- 12 наурыз, 2026
Балаларға арналған контент - болашақ ұрпақ санасын қалыптастыратын маңызды құрал
- авторkyn.kz
- 12 наурыз, 2026




