Берденовке қастандық жасау: комиссия сотта тілін шығарған судьяға қатысты шешім қабылдады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:04
- 34

Шымкент қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша процесте төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шымкент сотының баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру материалдары республиканың Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады.
"Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына мәні бойынша қарау үшін жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Руслан Берденовтың ісі бойынша сот процесі барысында төрағалық етуші судья Қарабаев журналистке тілін шығарған. Бұл сәтті журналист видеоға түсіріп алып, желіге жүктеді.