“Тек көпбалалы отбасылар ғана емес, басқаларға да көмек керек”: Жақыпова тағы кімдерге қолдау көрсетілетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:01
- 53

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кейбір көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Светлана Жақыпованың мемлекеттен қаржылай көмек алушылардың кез келген санатын жәрдемақыдан айыру туралы айту әлі ерте екенін жеткізді. Бұл шешім бірнеше мемлекеттік органның кеңесінде талқыланып, қабылданады.
"Алдымен бұл дүниені іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек. 1 қарашаға дейін Әлеуметтік кодекске өзгерістерді мемлекеттік оргаендарға енгізу керек. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жүргізліп жатыр. Бірқатар министрлік бізге қолдау көрсетіп отыр. Жылдың соңына дейін өзгерстерді заңның шеңберінде шешуіміз керек", -деді Жақыпова брифингте.
Журналист жағдайы бар отбасылар мемлекеттен қандай көмек ала алмайтыны туралы сұрады.
"Санатына ғана қарап емес, көмекті отбасылар мұқтаждық бойынша алу керек. Мысалы, адам төрт ай бойы ауырса, отбасында кіріс болмаса, оның үш баласы болса, мемлекеттен көмек ала алмайды. Бірақ ол мұқтаж. Сондықтан, біз көпбалалы емес болғанына қарамай, мұқтаж отбасыларға жәрдемақы беруді қарастырып жатырмыз.Тек көпбалалы отбасылар ғана емес, басқа санаттағыларға да көмек пен қолдау керек", - деді министр.
Сондай-ақ, Светлана Жақыпова зейнетақы, мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, асыраушысынан айырылған отбасылардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысы, «Алтын алқа», «Күміс алқа», бірінші және екінші дәрежелі Батыр ана даңқы бар аналар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып отырған көп балалы отбасылардың жәрдемақылары қалатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек - депутат Бақытжан Базарбек
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2025