Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сендерге қараудың өзі жиіркенішті»: мұғалім хиджаб киген қыздарды тақтаға шығарып алып ұрысты

«Сендерге қараудың өзі жиіркенішті»: мұғалім хиджаб киген қыздарды тақтаға шығарып алып ұрысты
Сурет: видеодан скриншот
Мұғалім мектепке хиджаб киіп келген қыздарға сөгіс жасады.

Мұғалім мектепке хиджаб киіп барған қыздарды тақтаға шығарып алып, ұрысты. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, видео Қазақстан мектептерінің бірінде түсірілген. Ол жерде мұғалім қыздардың киімін айтып, ұрысқан.  

"Сұлу қыздар, сабақ соңында мүлде есірдіңдер… Маған, ата-аналарын елеп тұрған жоқ. Сабақ кезінде мектеп формасын кию керек деп айтылды ғой. Міне, қалай әдемі, иә? Сендерге қараудың өзі жиіркенішті, кешіріңдер, әрине. Маған қалай сыйластық танытсаңдар, мен де солай жауап беремін", – дейді мұғалім кадр сыртында.

Видео желіде тез тарап кетті. Желі қолдануышлары неше түрлі пікір жазып, мұғалімнің сөзін сынға алды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар