Қазақстанда қанша адам ең төменгі жалақыға күнелтіп жүр: министр жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2025
- 388
Елімізде бір миллионнан астам адам ең төменгі жалақыға күнелтіп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәжілісмендер алдында берген есебі осындай, деп хабарлайды «KYN.KZ» ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.
780 мыңға жуық азамат 85 мың теңгеге күн көріп отыр. Ал 300 мыңнан астам адамның табысы тіпті 80 мың теңгеге де жетпейді екен. Ең төменгі жалақыны негізінен біліктілігі төмен, кәсіби даярлығы жоқ немесе сапасыз жұмыс атқаратын азаматтар алып отыр дейді Светлана Жақыпова.
Министр кейбір жұмыс берушілер еңбекақының бір бөлігін конвертпен беретінін, яғни құжат жүзінде ең төменгі жалақы көрсетіліп, қалған сома көлеңкелі жолмен төленетінін де жасырмады. Бұл — салықтан жалтарудың бір тәсілі. Осыған байланысты заңға өзгерістер енгізіліп, жалақының ашық әрі әділ төленуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
"Бұның ішінде бірнеше санат бар. Біріншіден, тағы да талдау жүргізіп өткізгенде ірі кәсіпорындар салықтан босатылуы үшін атаулы жарналар, атаулы төлемдерді, аударым төлемдерін азайту үшін 85 мыңды төлеп, басқасын конвертке салып беретіні мәлім", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Елімізде баспана бағасы бір жылда қымбаттап кеткен
Ұқсас жаңалықтар
Қар, боран, үскірік аяз: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы айтылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026
Мас күйде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026




