Түркістан облысында 1 жасар баланың қолын еттартқыш шайнап тастады: бүлдіршінге ота жасалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2025
- 270
Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Себебі бала абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 қыркүйекте Төле би ауданы Көксәйек ауылында болған. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Көп қан жоғалтқан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Үйінде ата-анасы банка жауып жатқан кезде бала қолын еттартқышқа тығып алып, шайналып кеткен. Жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасап, балаға көмек көрсеттік. Қолын төменгі білекке дейін шайнап кеткен", - дейді травматолог дәрігер Ержан Шәріпов.
Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінен шығарылған, жағдайы орташа ауыр. Ота кезінде баланың оң қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болған.
Ұқсас жаңалықтар
Телефонға ұзақ қараған 25 жастағы жігіт мойнын көтере алмай қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 желтоқсан, 2025
Елімізде кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдем шақыру қымбаттайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2025




