Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жүкті болған жарасады екен»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

«Жүкті болған жарасады екен»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
Сурет: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтап, көпшіліктің сөзіне қалды.

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қазір ол жолдасымен Америкада тұрып жатыр.

“Бүгін – менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Болатұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін ұғындырғаныңа, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бақшасында бірге өмір сүрейік", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға баянды өмір тіледі. Ал кейбіреулері әншінің жүкті екенін жарыса жазуда.

Олар «Үнемі бір-біріне еркелеп жүреді», «Жүкті болған жарасады екен», «Аяғыңыз ауыр сияқты», «Екеуіңіз сондай керемет жұпсыздар» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар