«Ұрсып та қалатынымызды білдім»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртасқа қатысты шындығын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:20
- 42

Белгілі әнші Сырым Исабаев бір кездері бірге өнер көрсеткен Қайрат Нұртасқа қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбат сөз етті.
“Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз ең алғаш бірге бастап шыққанда, мақсатымыз халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде ойымыз бір жерден шығады: Қайратқа ұнаған ән маған да ұнап, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе ұнаған ән халыққа да ұнады. Алайда ақыр аяғында әркімнің ой-пікірі әр түрлі болды. Бұл нәрсе жалғаса берсе, ұрсып та қалатынымызды білдім. Мен еш нәрсені ұрыспен аяқтағым келмейді. Біреудікі дұрыс емес болса да, "сенікі дұрыс" деу жолыңды ашады. Бұның бәріне біреу кінәлі деп айтуға болмайды. Мұның бәрін басқарған Гүлзира әпкеміз болды. Гүлзира әпкеміз не десе, біз бәріне бағынамыз", – деді Сырым Исабаев.
Айтуынша, қайрат екеуінің бөлінуіне айтатын әннің жетпей қалуы себеп болған.
"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды", – деді ол.