Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жүкті келіншектердің атынан жәрдемақы алып отырған әйел 20 миллионнан аса табыс тапқан

Шымкентте жүкті келіншектердің атынан жәрдемақы алып отырған әйел 20 миллионнан аса табыс тапқан
Сурет: life4me.plus
Шымкентте 29 жастағы әйел жүкті келіншектерді заңсыз жұмыс істеуші ретінде тіркеп, табыс тапқан.

Шымкентте 29 жастағы тұрғыны жүкті әйелдердің атынан жәрдемаұы алып отырған. Әйел оларды жұмыс істеуші ретінде көрсеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол үшін олардың деректерін және 40 кәсіпкердің цифрлық қолтаңбасын пайдаланған.

Осы тәсілмен ол 2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін 21 жүкті әйелді тіркеген.

“Олардың аты-жөнімен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналарын иемденіп, Мемлекеттік қорға 21 809 917 теңге көлемінде залал келтірген”, – делінген ақпаратта.

Шымкент қалалық ауданаралық соты әйелді алаяқтық пен қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру айыбымен кінәлі деп таныды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Алған қаражаттың бір бөлігін ол пәтердің алғашқы жарнасына жұмсаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әйелді кешіргенімен, сот заң бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпас екенін атап өтті.

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот оның кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жазаны 3 жылға қысқартты. Шамамен 22 миллион теңге материалдық шығын айыпталушыдан өндірілетін болды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар