Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде балаларға берілген тамақтан тарақандар шыққан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:16
- 123

Талдықорғандағы балабақшаның бірінде балаларға берілген тамақтан тарақандар шыққаны туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан тағамдардың арасында тарақандар жүргені байқалады. Бұл туралы halyk_zhurnalist.kz парақшасында жазды.
«Антисанитар Талдықорғандағы балабақшада балаларымызға қандай тамақ берілетінін көріңіздер. Ата-аналардың жіберген видеосын қарап шошыдым. Ас үйде лас, кашаларда жәндіктер жүр. Балаларға қалдық еттерден тамақ жасап беретін сияқты көрінеді, күйіп кеткен нан, бір қасық ғана компот құйып береді. Бұл жекеменшік балабақша. Осыған қатысты шара қолдануларыңызды сұраймын», - деп жазылған.
Бұған қатысты Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы пікір білдірді.
"Басқарма мамандарымен аталған балабақшаға тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексерудің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады", – делінген хабарламада.