Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Отбасы күнінде құттықтауын жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Құрметті отандастар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлтымызды мейірім мен қамқорлық, өзара қолдау мен азаматтық жауапкершілік сияқты мызғымас құндылықтар аясында ұйыстыратын тамаша мереке. Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ өсіп шығады”, – делінген құттықтауда. 

Сондай-ақ, Тоқаев ата-анаға зор құрмет көрсетуді парыз екенін айтып, барша қазақстандықтарға денсаулық тіледі.

“Жарық өмір сыйлаған ата-аналарымызға зор құрметпен қарау – қастерлі парыз. Әсіресе, аялы алақанымен, ақыл-парасатымен әрбір үйді шуаққа бөлейтін аналардың орны ерекше. "Ана – Жер-Ана" – адамзат өркениетінің өзегі. Біз асқар тау әкелеріміздің табанды еңбегі мен ерен ерлігіне бас иіп, қадір тұтуымыз керек. Әр шаңырақта ырыс-ынтымақ болса, еліміз де қарқынды дамиды. Бұл – Әділетті және Қуатты Қазақстан құрудың аса маңызды шарты. Сондықтан мемлекет отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеп, ана мен бала құқығын қорғауға айрықша мән береді. Әр шаңырақ бақ-берекеге толсын! Барша отандастарымызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!” – деп түйіндеді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар