Қоғам
Шерзат Полаттың жылдық асы: Талғарда бір көшеге марқұмның аты берілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:00
- 42

Талғарда бір көшеге Шерзат Полаттың аты берілу ұсынылды.
Талғарда былтыр күзде кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың жылдық асы берілді, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Асқа марқұм Шерзаттың ет жақын туыстары мен әкесі Қаржаубай Нұрымовтың құқығын қорғаған заңгерлер де келді.
Заңгер Мейірман Шекеев Талғардағы Менделеев немесе Шота Руставели көшелерінің бірін Шерзат Полаттың атымен атауды Талғар әкімдігіне ұсынғанын айтты.
«Шерзат ақын не жазушы емес, дегенмен де біздің қоғамды оятып кеткен бірден бір тұлға деп атауға болады. Сондықтан Талғар әкіміне Менделеев немесе Шота Руставели көшелерінің бірін Шерзаттың атымен атауды ұсындым. Енді ары қарай тілек-дұғада болайық, сол көшенің аты Шерзаттың атымен аталса, ол ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын», — деді Шекеев.