Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейліктер ашық аспан астында "Janamen" жобасы аясында жаттығу жасады

Семейліктер ашық аспан астында "Janamen" жобасы аясында жаттығу жасады
gov.kz
Салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындары жаппай жаттығу жасап, дұрыс өмір сүру салтын қолдайтындарын жеткізді.

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен «JAŃAMEN» жобасы ашық аспан астында жаттығу өткізді. Жоба артық салмақтан арылуға ғана емес, денсаулықты нығайтып, эмоциялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және жаңа өмір сапасын қалыптастыруға бағытталған бағдарлама.

Осыған орай «JAŃAMEN» жобасы 2022 жылдан салауатты өмір салты жөніндегі білім деңгейін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам қатысушы қамтылып, тұрақты іс-шаралар мен ағартушылық бағдарламалар өткізілді және жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланыс орнатылды.

«Салауатты ұлт — өзіңнен басталады» республикалық жобасы аясында 2025 жылғы 8–15 қыркүйек аралығында сауықтыру туры басталды. 

Семей тұрғындары қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар